×

«Сақалды жігіттер мектеп директорын соққыға жықты»: Әкімдік түсініктеме берді

Фирдауси мектебінің директоры Жанар Сапарды екі  ер адам қылқындырып, ұрып, дене жарақатын салған

«Сақалды жігіттер мектеп директорын соққыға жықты»: Әкімдік түсініктеме берді
Коллаж Qaz365.kz

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданындағы Фирдауси мектебінің директоры Жанар Сапарды екі сақалды жігіттің шабуыл жасағаны туралы ақпарат тараған еді. Осыған қатысты Түркістан облыстық әкімдігі жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Түркістан обысын әкімдігінің басшылығы бұл жағдайдан хабардар, бақылауға алынған. Білім басқармасының басшылығы мектеп директорымен байланыста. Бұл оқиғаға қатысты шағымданушы тарапынан арыз жазылды. Тергеу қорытындысы анықтайды. Жауаптылар жазасыз қалмауы тиіс. Қолдау көрсетіледі», - деді облыс әкімінің баспасөз қызметі Qaz365.kz тілшісіне. 

Айта кетейік, Түркістан облысы, Мақтаарал ауданындағы Фирдауси мектебінің директоры Жанар Сапарды екі ер адам қылқындырып, ұрып,  дене жарақатын салып кеткен. Бұл туралы Qaz365.kz тілшісіне заңгер Айгүл Орынбек айтқан болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы облысында «Тазалық күндері» өтті
Бүгін, 18:50

Алматы облысында «Тазалық күндері» өтті

Оған 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды
Қайырымдылық мақсаттағы марафонымызға  3000 қатысушы тіркеліп, 250 млн теңге қаражат жиналды
Өңірде 11 этномәдени бірлестік пен 9 қоғамдық құрылым табысты жұмыс жүргізуде
Облыста 50-ден астам ұлт өкілі тұрады және 18 этномәдени бірлестік жұмыс істейді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →