×

Қазақстанда 20 миллионыншы тұрғын дүниеге келді

Ақжолтай хабарды Мемлекет басшысы жеткізді

Қазақстанда 20 миллионыншы тұрғын дүниеге келді
Фото: ken-zhyloi.kz

Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы – бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді», – деді Президент.

Бұған дейін Ұлттық статистика бюросы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша қазақтардың үлесі 70,4%-ке дейін өскенін хабарлаған еді.

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша қазақтар саны 13,4 млн адамды құраған, 2009 жылдан бергі өсім – 33,7% (10 млн – 2009 жылы), жалпы халық санындағы қазақтардың үлесі 63,1%-дан 70,4%-ға дейін өсті.

Сондай-ақ саны көп ұлттар қатарына орыстар – 2,9 млн адам, өзбектер – 614 мың адам, украиндар – 387 мың адам және ұйғырлар – 290 мың адам кірді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365 редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға берілетін біржолғы төлем мөлшері ұлғайды
08.12.2023ж. 14:47

Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға берілетін біржолғы төлем мөлшері ұлғайды

Қазір Алматыда 1986 жылы Желтоқсан оқиғасына қатысқан 670 адам тұрады
Бақтыгүл Байарыстанованың қала тазалығына атсалысып жүргеніне 25 жылдан асқан
«Qazaqsha Jaz» парақшасында тілді қолдаған қоғамдағы белгілі азаматтардың ролигі жарияланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →