×

«Үлкен қателігім болды»: Бишімбаев Салтанатқа дәрігер емес, балгер шақырғанына өкінетінін айтты

Прокурордың бұл сұрағы Бишімбаевтың адвокаттарына ұнамай қалды

«Үлкен қателігім болды»: Бишімбаев Салтанатқа дәрігер емес, балгер шақырғанына өкінетінін айтты
Фото: Jogargy_sot

Экс-министр бүгінгі сот процесі барысында Салтанат Нүкенова жан тапсырар алдында дәрігерге емес, балгерге хабарласқанына өкінетінін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Не себепті сіз жедел жәрдем шақырмадыңыз? Сіз өз жауаптарыңызда балгерге қоңырау шалдым дедіңіз. Ол соққыға жығылып жатыр. Жатты. Тұра алмай жатқанын өзіңіз де айтып отырсыз. Неліктен жедел жәрдемге бірден хабарласпадыңыз? Түсіндіріңізші. Егер сол кезде дәрігерлерге хабарласқаныңызда ол бүгін де тірі болар еді ғой, – деп сұрады прокурор Аймағанова Бишімбаевтан.

Прокурордың бұл сұрағы Қуандық Бишімбаевтың адвокаттарына ұнамай қалды. Ал жауабында Бишімбаев өкінетінін айтты.

«Бұл менің үлкен қателігім. Мен ештеңе дей алмаймын. Кеше жауабымда сағат шамамен үш жарым, төрттерде Байжанов нашатыр алып келгеннен кейін ол (Салтанат) нашатырға реакция білдірмеді. Мен шығып бара жатқанымда ол (Байжанов) жәдел жәрдем шақыруды ұсынды. Мен сол кезде оған «бір жарым, екі сағат күте тұрайық, кеш түссін» дедім. Мен сол балгердің сөзіне иландым. Кешке оянып, демалып алар дедім. Екіншіден, шынымды айтсам, стресстен кейін ол ұзақ уақыт бойы ұйықтайтын. 36 сағатқа дейін ұйықтаған кезі бар. Ашуланып, депрессияға ұшырағаннан кейін 24 сағат ұйықтайтын. Бірнеше рет солай болды» - дейді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бірлік пен жаңғырудың ұлы күні: Қарағанды облысында Наурыз кең көлемде аталып өтуде
Бүгін, 15:03

Бірлік пен жаңғырудың ұлы күні: Қарағанды облысында Наурыз кең көлемде аталып өтуде

Мерекенің шымылдығы «Қош келдің, Әз-Наурыз» атты театрландырылған қойылыммен түрілді
Ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, тұсаукесер, қыз айттыру, сүйінші сұрау, бастаңғы, беташар, төс қағыстыру, сүйек жаңғырту және басқа да қазақтың салт-дәстүрлерінен көрініс қойылды
«Халық үніне құлақ асатын үкіметтің» назарына ұсынамыз

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →