×

Айтса сенгісіз: Қазақстанда төрт жылда алғаш рет азық-түліктің кейбір түрі едәуір арзандады

Азық-түлік тауарларының бағасының бұрын-соңды болмаған деңгейде төмендегені жөнінде мәліметтер

Айтса сенгісіз: Қазақстанда төрт жылда алғаш рет азық-түліктің кейбір түрі едәуір арзандады
Фото: ratel.kz

Ұлттық статистика бюросы жекелеген азық-түлік тауарларының бағасының бұрын-соңды болмаған деңгейде төмендегені жөнінде мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әуелі қымбатшылық қызметтерді айналып өтпеген. Өткен жылғы мамырмен салыстырғанда тарифтер су бұруға – 43,9%, суық суға – 35,9%, ыстық суға – 35%, орталықтан жылытуға – 33%, электр энергиясына – 31,4%, қоқыс шығаруға 31,2% өскен.

Баға денсаулық сақтау қызметтеріне – 14%, ұялы байланыс, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 12,4%-дан, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтеріне – 12,1%, салт-жора қызметтеріне – 11,9%, үй жөндеу қызметтеріне – 10,8%, санаторийлер, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне 9,8%-дан жоғарылады. Таксимен жол жүру – 11,7%, қалалық автобуспен – 9,3%, жолаушылар теміржол көлігімен – 5,9%, қалааралық автобуспен 4% қымбаттады.

Баға деңгейі отандық құрастырма жаңа жеңіл автомобильдерге – 13,4%, фармацевтикалық өнімдерге – 11,5%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 11%, киім және аяқ киімге – 10,8%, жеке қолданылатын тауарларға – 8,9%, құрылыс материалдарына – 6,3%, ыдысқа 5,2% өсті. Сұйытылған газ баллондағы 10,8% қымбаттады.

Бағаның өсуі сәбізге – 18,4%, күрішке – 17,4%, минералды және ауыз суға – 16,9%, жаңа жиналған жемістерге – 14,8%, салқындатылған сусындарға – 13,3%, алкогольді ішімдіктер және темекі өнімдерге – 13,1%, жеміс және көкөніс шырындарға – 11,8%, жаңа ауланған балыққа – 11,7%, сары майға – 11,2%, кондитерлік өнімдерге – 10,9%, бірінші сұрыпты ұннан пісірілген бидай нанға 10,6% тіркелді. 

«Бағаның төмендеуі пиязға – 42,9%, күнбағыс майына – 24,7%, қарақұмық жармасына – 23,9%, ақ қауданды қырыққабатқа – 18,1%, құмшекерге 4,9% байқалды», - делінген хабарламада.

Өңірлер бөлінісінде 2024 жылғы мамырда инфляция жылдық мәнде орташа республикалық деңгейден асатын он өңірде қалыптасты. Олардың ішінен ең жоғары Қарағанды (10,5%), Маңғыстау (10,2%) облыстарында, Астана қаласында (10,4%) тіркелді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Депутаттың сөзінше, талаптың күшеюі адал әрі кәсіби компаниялардың жолын ашып, нарықтағы әділ бәсекелестікті қалыптастыруы мүмкін.
Депутат қыз алып қашудың ескі қаңсық дәстүр екенін айтты
Депутат алып қашуды ауыр қылмыс қатарына жатқызуды сұрады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →