×

Түркістанда денсаулық сақтау саласындағы мәселелер талқыланды

Ана мен бала денсаулығына қатысты мәселелер әрқашан өзекті

Түркістанда денсаулық сақтау саласындағы мәселелер талқыланды

Түркістан облысында ана мен бала денсаулығын сақтау, онкологиялық ауруларға ерте скрининг жүргізіп, алдын алу бағытындағы жұмыстарды баяндау мақсатында жиын өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркістан облысында өткен облыстық денсаулық сақтау басқармасының Алқа мәжілісінде облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев бас дәрігерлер мен сала жетекшілеріне халықтың денсаулығын сақтау бағытындағы жұмысты күшейтуді, жүйелеуді тапсырды. Мәжілісте Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас гинекологы Эльмира Қожахметова, Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының штаттын тыс бас педиаторы Алтын Досанова, Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас онкологы Бауыржан Бертаев, Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті ұйымдастыру және қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы Меруерт Боташева өздеріне бекітілген салалар бойынша есеп берді. 

«Ана мен бала денсаулығына қатысты мәселелер кейбір аудандарда жиі қайталануда. Басқарма тарапынан жіті талдау жасалып, мамандар себебін анықтауы қажет. Екіншіден, көрсеткіші төмен медицина мекемелерін білікті мамандармен қамтуға көңіл бөлінсін. Қажетті мамандықтар бойынша оқыту мәселесі де өзекті. Денсаулық сақтау басқармасының ведомстволық бағынысты және жеке меншік медициналық ұйымдарының алдында 2024 жылға бірқатар міндеттер қойылған болатын. Олардың ең бастысы - жұмыс көрсеткіштерін өткен жылмен салыстырғанда жақсарту. Жыл қорытындысымен ішкі медициналық көрсеткіштерді жақсарту, медициналық қызмет сапасын арттыру, адами және материалдық ресурстар тиімді және қарапайым пайдалану бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды», – деді Бейсенбай Тәжібаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →