×

Ақтөбе облысында үшем дүниеге келді

Жұбайлар енді 7 баланың ата-анасы атанып отыр

Ақтөбе облысында үшем дүниеге келді
Фото: mugaljar_aydanynyn_akimdigi

Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласында үшем өмірге келді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласының тұрғыны Гүлсая Қалжанова өмірге үшем әкелді. Балалардың есімі – Хамза, Ибраhим, Ахмад. Үшеуі де дін аман, ертең үйіне шығады. 

"Бұл отбасының төрт баласы бар. Бір қыз, үш ұл. Үшем өмірге келіп, енді ол 7 баланың ата-анасы атанып отыр. Анасы Гүлсая – Мұғалжар ауданы әкімдігінде іс жүргізуші, әкесі Әділхан теміржол саласында еңбек етеді. Балалардың денсаулығы жақсы. Ибрахим 2 985 гр, ал Хамза мен Ахмад 2 435 гр болып өмірге келді", - деп хабарлады Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Комфорт, тәртіп және қауіпсіздік: Алакөлде қандай ауқымды шаралар жүзеге асырылуда
Бүгін, 19:47

Комфорт, тәртіп және қауіпсіздік: Алакөлде қандай ауқымды шаралар жүзеге асырылуда

Биыл жағалаудағы санитарлық тораптар саны 8-ден 18-ге дейін көбейтіледі
Үкіметке қысқа мерзім ішінде елдегі барлық туристік бағыттың жағдайын ретке келтіруі тиіс.
Ол қомақты қаражатты жымқырды деп айыпталып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →