×

Түркістандық дәрігер вирустық инфекциялар туралы айтты

Аурудың алғашқы күндерінде антибиотиктерді қабылдау үлкен қателік

Түркістандық дәрігер вирустық инфекциялар туралы айтты
Фото: gov.kz

Жедел респираторлық инфекцияны тудыратын вирустардың 300-ден астам түрі бар, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркістан облыстық балалар ауруханасының дәрігер, эпидемиолог Айгерім Досболова тұмау, жедел респираторлық вирустық инфекциялар және коронавирус инфекциясы туралы айтты.

«Жедел респираторлық вирустық инфекция жоғарғы тыныс алу жолдарының қабынуымен және қызбамен, тұмаумен, түшкірумен, жөтелмен байқалатын тыныс алу жолдарының шектелген инфекциясы. Вирус науқас адам түшкіргенде, жөтелгенде және жай тыныс алуынан кейін ауаға түскен бөлшектерді дем алу жолымен жұғады. Вирус сондай-ақ, науқас адам қолмен ұстаған заттар арқылы, мысалы, ыдыс, есік тұтқасы, телефон, жеке гигиена заттар арқылы жұғуы мүмкін. Балалар мен қарт адамдар инфекцияға өте қиын, бұл жас топтары үшін ауру кезінде пайда болатын асқынулар өте қауіпті. Балалар иммундық жүйесі осы вируспен әлі кездеспегендіктен ауырады, ал егде жастағы адамдар үшін, сондай-ақ созылмалы аурулары бар адамдар үшін вирус иммундық жүйенің әлсіреуіне байланысты қауіпті. Инфекция ауру адамнан сау адамға түшкіру, жөтелу кезінде бөлінетін сілекейдің немесе шырыштың ең кішкентай тамшылары арқылы беріледі»,- деді дәрігер.

Айта кетсек, аурудың алғашқы күндерінде антибиотиктерді қабылдау үлкен қателік. Антибиотиктер вирусты жеңе алмайды, сонымен қатар олар қалыпты микрофлораға теріс әсер етеді. Антибиотиктерді тек дәрігер тағайындайды, тек бактериялық инфекцияның қосылуынан туындаған асқынулар пайда болған жағдайда. Асқынулардың алдын алу үшін бактерияға қарсы препараттарды қабылдау қауіпті және пайдасыз. Тұмаудың алдын алудың ең тиімді әдісі-жыл сайынғы вакцинация.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Дана Нұржігіт екінші күйеуін үш жылға соттатқанын айтты
Бүгін, 13:28

Дана Нұржігіт екінші күйеуін үш жылға соттатқанын айтты

Дана Нұржігіт жарты жыл депрессияда жүргенін айтқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →