×

Атырау облысында үшем дүниеге келді

Сәбилердің салмағы 2500-2700 грамм аралығында

Атырау облысында үшем дүниеге келді
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Құрманғазы ауданының тұрғыны Арай Ерғалиева үшемді дүниеге әкелді. Нәрестелерді үшеуі де ұл бала, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сәбилердің салмағы 2500-2700 грамм аралығында.

"Балаларға Нұрислам, Нұриман, Нұрмұхамбет деп ат қойдық. Отбасымызға осындай қуаныш сыйлаған келінімізге көп рақмет. Үйде оларды күтіп отырған үлкен әжесі мен екі бауыры бар", - деді үшемнің атасы Исбергенов Салық.

Нәрестелерді үйге шығару рәсіміне облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев пен облыстық перинаталдық орталық директоры Қазбек Ермағамбетов қатысты.

"Орталықта 2024 жылғы 25 қыркүйекте үшем дүние есігін ашты. Осы уақытқа дейін анасы мен балалары дәрігерлердің бақылауында болды. Денсаулық жағдайлары жақсы", - деді Қ.Ермағамбетов.

Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері нәрестелерге балалар арбасын сыйға тартты.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыста екінші рет үшем туылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы көшелерінен 105 мың текше метр қар шығарылды
24.01.2026ж. 16:38

Алматы көшелерінен 105 мың текше метр қар шығарылды

Шаһар аумағына 18 сантиметр қар түсті
Қандас ретінде келудің негізгі шарты – қазақ ұлтына жататынын дәлелдеу
Өзгерістер көлігін алғаш рет сақтандыратындарға да, бұрыннан көлік тізгіндеп жүргендерге де қатысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →