×

Жетісайда АИТВ инфекциясы бойынша семинар өтті

Науқаста қысқа мерзімді тұмау тәрізді синдром белгілері пайда болып, ұзаққа созылуы мүмкін

Жетісайда АИТВ инфекциясы бойынша семинар өтті
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысы Жетісай аудандық АИТВ инфекциясының алдын алу бөлімінің мамандары аудандағы Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Семинар барысында орталықтың психолог маманы Ш.Дүкенова аталған инфекция жайлы баяндама жасап, қатушылардың сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, семинарда  жадынамалық парақшалар таратылып, алдағы уақытта да бұл профилактикалық шаралар жалғасын табатындығы айтылды. Семинарға қатысушыларға өз мәртебесін анықтау үшін орталыққа келіп, тегін медициналық тексеруден өту ұсынылды.

«АИТВ инфекциясын жұқтырған адамда ешбір ауру белгілері байқалмауы мүмкін. Науқаста қысқа мерзімді тұмау тәрізді синдром белгілері пайда болып, ұзаққа созылуы мүмкін. АИТВ инфекциясы жыныстық қатынас арқылы, екінші жолы екіқабат әйелдерден балаға немесе жаңа туған нәрестеге, үшінші жолы қан арқылы, нашақорлар арасында жиі кездеседі. Ағзаны толық вирустан тазартуға әлі ем жоқ, тек аурудың өмірін ғана ұзартуға мүмкіндік болып отыр. Аталмыш қатерлі дерттен бойыңды аулақ ұстау мен өз денсаулығыңды, болашағыңды қорғаудың ең сенімді, тура жолы – есірткіден бас тарту және бейберекет, кездейсоқ жыныстық қатынастан бойды аулақ салу. Вирус тасымалдаушылар көбінесе жұқтырғанын білмей, өздерін сау деп санайды, өйткені оларда бірнеше жыл бойы ауру белгілері болмауы мүмкін. АИТВ  диагнозы арнайы қан анализінің нәтижелері бойынша қойылады, ол көп жағдайда инфекцияны жұқтырғаннан кейін 3 ай аралығындаи нәтиже береді»,- деді маман.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →