×

Температура 38 градустан жоғары болмаса, дәрі ішпеген дұрыс – саурандық дәрігер

Аурудың алдын алудың бірден бір жолы – екпе алу.

Температура 38 градустан жоғары болмаса, дәрі ішпеген дұрыс – саурандық дәрігер
Фото: canva.com

Түркістан облысына қарасты Сауран аудандық орталық ауруханасының терапевт дәрігері Ақтолқын Таубаева температура 38 градустан жоғары болмаса, дәрі ішпеген дұрыс екенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Дәрігердің айтуы бойынша ана жүкті болған күннен бастап зиянды әдеттерінен арылуы керек. Дәрігерге уақытылы тексеріліп, ағзасына қажетті витаминдерді  уақтылы қабылдап отыруы маңызды. Сонымен қатар, құрамында зиянды заттар кездесетін және тез дайындалатын өнімдерден бас тартып, дұрыс тамақтанғаны жөн.

Жалпы дене қызуының көтерілуі адам ағзасының вируспен күресіп жатқандығын білдіреді. Кез келген жұқпалы ауру немесе қабыну кезінде дене температурасының қызуы қалыпты жағдай, бірақ бірден үрейге салынып, дәрі-дәрмектерді қабылдауға асығудың қажеті жоқ.

Оның орнына көп мөлшерде сұйықтық ішіп, ұйықтап демалған жөн. Себебі қызу көтерілген кезінде адам ағзасындағы су балансы төмендейді.

«Дене қызуы 38 градустан асқан жағдайда дәрігердің нұсқауы бойынша температураны түсіру қажет. Өйткені мұндай температура адам денсаулығына кері әсерін тигізіп,  тырыспа, дірілдеу, тыныс алу жүйелерінің тарылуына, қан-тамыр жүйесінің қозуына әкеледі. Тұмау белгілері басталғанда дүрбелеңге салынып, бірден ауруханаға барып не жедел-жәрдем шақырудың қажеті жоқ, алайда дәрігермен кеңескен дұрыс. Ол үшін iKomek қосымшасы арқылы дәрігер-мамандардан консультация алуға болады. Маман кеңесіне не үшін құлақ асқан жөн? Әр адамның ағзасы әртүрлі, оның жасына, салмағына, созылмалы аурулардың болу-болмауына қарай жеке емдеу нұсқаулығы беріледі. Мысалы, баланың дене қызуын жылы сумен тұла бойын сүрту арқылы бірден түсірген жөн. Ал егер дене қызуы қайтпай, 38 градустан асқан жағдайда міндетті түрде жедел-жәрдем шақыру керек», – дейді Ақтолқын Таубаева.

Айта кетейік, аурудың алдын алудың бірден бір жолы – екпе алу. Екпе тұмауды жұқтыру мүмкіндігін төмендетіп, оның таралуын болдырмайды. Екіншіден, жеке бас гигиенасын сақтауды ұмытпау, қолды жиі жуып, көпшілік жиналған жерлерде бетперде тағып жүрген жөн.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →