×

Ақтөбеде жалған дипломмен жұмыс істеп келген директорлар жұмыстан қуылды

Олардың бірі өзіне директорлар кеңесінің келісімінсіз демеушілік қаражат есебінен 40 млн 400 мың теңге аударып алған

Ақтөбеде жалған дипломмен жұмыс істеп келген директорлар жұмыстан қуылды
gov.kz

Ақтөбеде Антикор спорт саласындағы заң бұзушылықтарды тексеріп, 10 директор мен бапкердің жалған дипломмен жұмыс істеп жүргенін анықтады. Сонымен бірге сыйақыны заңсыз беру дерегін тіркеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаменті Жемқорлық тәуекелдері картасын жасады. Онда әлеуметтік зерттеулер, арыздар, қылмыстық істер мен құқықтық статистикаға талдау жасалды.

“Спорт саласындағы превентивтік шаралар нәтижесінде «Ақтөбе» футбол клубының бұрынғы басқарма төрағасы Жамантаевқа 40 млн теңге сомасындағы заңсыз сыйлықақы беру фактісі анықталды. Ол клубта қызмет атқарған уақытында директорлар кеңесінің келісімінсіз демеушілік қаражат есебінен өзіне 40 млн 400 мың теңге аударған. Облыс әкімдігі соттың мәжбүрлеу тәртібімен аталған соманы Жамантаевтан кері өндіріп алды. Сондай-ақ, бұл қаражатты өңірдегі балалар футболын дамытуға бағыттау ұсынылды”,- деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіАқтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Есқали Саламатов.

Оның айтуынша, жемқорлық деректері Ақтөбе облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты мекемелерде де анықталды.

“Ұлттық спорт түрлері жөніндегі мектептің бас есепшісі 3,3 млн теңге сомасындағы бюджет қаражатын жымқырып, Қылмыстық кодекстің 189 бабына сәйкес іс қозғалған болатын. Қазіргі уақытта қаражат толығымен бюджетке қайтарылды, ал жауапты тұлға 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Сонымен бірге 10 директор мен бапкер жалған дипломмен жұмыс істеген. Олардың бәрі жұмыстан шығарылды”,- деді Есқали Саламатов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →