×

Шымкенттегі «Таза Қазақстан» акциясы: қала тұрғындарын экологиялық мүдде біріктірді

Акцияға  «Жасыл ел» жастар жасақтары, қоғамдық ұйымдар мен тұрғындар атсалысты

 

Шымкенттегі «Таза Қазақстан» акциясы: қала тұрғындарын экологиялық мүдде біріктірді

Бүгін Шымкентте орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні қарсаңында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаны аялауға және қала тұрғындарын экологиялық мәселелерді шешуге жұмылдыруды көздеген «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында ауқымды іс-шаралар өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Акция қаланың барлық аудандарында бір мезгілде еріктілерді, «Жасыл ел» жастар жасақтарын, қоғамдық ұйымдар мен тұрғындарды біріктірді.

Алғашқы іс-шаралардың бірі – Абай ауданындағы экологиялық десант болды. Онда «Достық» және «Асар-2» шағын аудандарының көшелеріне таңғы 9-дан бастап көптеген белсенді шықты. Іс-шара барысында қатысушылар аумақты тазартты, ағаштар отырғызды және тұрғындармен кездесулер өткізді. Шара барысында әр адамның табиғатты қорғауға қосқан үлесінің маңыздылығы талқыланды.

 «Бұл бастама – болашаққа жасалған қадам. Біз жас ұрпақты жерімізді қорғауға және табиғи ресурстарды бағалауға үйретуіміз керек. Көптеген белсенді жастардың қатысқаны қуантады», – деп атап өтті Абай ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ұлықпан Башенов.

Сондай-ақ қоршаған ортаны тазалауға бағытталған іс-шаралар Әл-Фараби ауданында да өтті. Онда «Жасыл ел» жастар жасағының өкілдері мен жергілікті тұрғындар «Сәуле» шағын ауданында ағаш отырғызып, тазалық жұмыстарын жүргізді.

Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев мұндай шаралар жай ғана тазалық акциясы емес, ұрпақтың болашағына қосқан үлесі екенін атап өтті.

«Біздің бүгінгі іс-әрекетіміз – ертеңгі таза қала экологиясының кепілі», – деді ол. «Таза Қазақстан» аясында жастарға ерекше көңіл бөлінді. Қаланың әр ауданында «Жасыл ел» белсенділері ұйымдастырушы әрі қатысушылар рөлімен қатар жергілікті тұрғындарды экоакцияларға шақырып, оларға шабыт берді.

Еңбекші ауданында жастар «Еламан» шағын ауданының тұрғындарымен бірге тазалық жұмыстарын жүргізіп қана қоймай, табиғатты қорғаудың маңыздылығы туралы айтып, балаларға арналған білім бағытында да іс-шаралар ұйымдастырды.

«Біз жастарды қоршаған орта үшін жауапкершіліктерін түсіну үшін экологиялық бастамаларға тартамыз. Бұл – біздің қаланың келешектегі көрінісіне қосқан үлесіміз», – деп түсіндірді Еңбекші ауданы бойынша «Жасыл ел» жасағының үйлестірушісі Әйгерім Нұрлан.

Қаратау ауданында Алматы тас жолының бойында Қоқыспен күресу және жол бойындағы жасыл аймақтардың жағдайын жақсарту үшін біраз азаматтардың басын қосқан «Таза көше» акциясы өтті. Қатысушылар аумақты тазалап қана қоймай, абаттандыру және ағаш отырғызумен де айналысты.

«Бүгін біз адамдарды тазалықты сақтау үшін жұмсалған еңбекті бағалауға үйретеміз және экологияға саналы көзқарасты қалыптастырамыз», – деп атап өтті ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Пердеш Есенбек.

Тұран ауданында «Таза аула» акциясы су ресурстарын ұтымды пайдалану және жасыл желектерді қорғау мәселелерін назарға алды. Іс-шараға қатысушылар аумақты абаттандырды. Сондай-ақ тұрғындармен таза және көрікті қаланы құрудағы рөлі туралы шағын пікірталас ұйымдастырды.

«Әкологиялық сана бірден қалыптаспайды, бірақ мұндай іс – шаралар халық арасында экологиялық мәдениетті жақсарту жолындағы маңызды қадам болып табылады», – деп қосты сөзін Тұран ауданы ардагерлер кеңесінің басшысы Әділбек Сатыбалды.

Шымкенттегі «Таза Қазақстан» бағдарламасы экологиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін халықтың бір кісідей жұмыла бірлескен күш-жігері қажет екенін көрсетті. Қала билігі, қоғамдық ұйымдар мен белсенділер Шымкентті таза және жасыл қала ету үшін бірлесе келе, тұрғындар арасында экологиялық жауапкершілік идеясын алға тартты.

Дәстүр бойынша алдағы уақытта да «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында Шымкенттегі экологиялық жағдайды жақсартуға және табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жаңа іс-шаралар мен жобалар легі күтіп тұр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жұбайы мен екі баласы қалды. Тікұшақ апатынан қаза тапқан адамның кім екені анықталды
Бүгін, 18:12

Жұбайы мен екі баласы қалды. Тікұшақ апатынан қаза тапқан адамның кім екені анықталды

. Қайтыс болған офицердің отбасы мен зардап шеккендерге жан-жақты қолдау көрсетілмек
Оқиға орнында тергеу органдары жұмыс істеп жатыр
Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жолдарда көру мүмкіндігі төмендейді
Депутат Қасымбаевпен алыс туыс екенін айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →