×

Ержет Жарылқасын UWW Әлемдік рейтингінің көшін бастады

Ержет Жарылқасынның қоржынында 47 000 ұпай бар

Ержет Жарылқасын UWW Әлемдік рейтингінің көшін бастады
Сурет: UWW

Қазақстандық грек-рим күресінің балуаны Ержет Жарылқасын Біріккен әлем күресінің (UWW) жаңартылған әлемдік рейтингінде бірінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Ержет Жарылқасынның қоржынында 47 000 ұпай бар. Маммадали 45 000 ұпаймен екінші орынға орналасса, үшінші орынға 31 000 ұпаймен армяндық Карен Асланян табан тіреді”, – делінген ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарламасында.

Ол Тирана (Албания) қаласында олимпиадаға кірмейтін салмақ дәрежелері бойынша өткен әлем біріншілігінде сәтті өнер көрсеткеннен кейін, тізімде жоғары көтеріліп, көшбасшы болды.

Чемпионатта Ержет 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға шығып, әзербайжандық Нихат Маммадалиға есе жіберді. 

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«АТЫРАУ» футбол клубы коммерцияланды
17.04.2026ж. 20:19

«АТЫРАУ» футбол клубы коммерцияланды

Инвестиция құны 1 млрд теңгеге жуықтайды
Жалпы саны 1500-ге жуық қатысушы 4 шақырым қашықтықты бағындырды
Отандастарымыз турнир барысында барлығы 8 медаль еншіледі
Балаларды спортқа, футболға баулып, салауатты өмір салтын насихаттауда еңбегі зор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →