×

Елена Рыбакина: Кез келген қарсыласты жеңе аламын

Рыбакинаның қарсыласы чехиялық 16 жастағы теннисші Бренда Фругвиртова болады.

Елена Рыбакина: Кез келген қарсыласты жеңе аламын
ktf.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина алдағы "Ролан Гаррос" турнирінің төсеніші туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен төсенішке қарамастан, өзімді сенімді сезінемін. Ал барымды салсам, кез келген қарсыласты жеңе аламын. 2019 жылы Бухарестте өткен турнирде жеңіске жеткеннен кейін топырақ төсенішінде жақсы ойнай алатыныма көзім жетті. Тек басқаша дайындалуым керек. Дайындыққа көбірек уақыт та керек шығар. Сондай-ақ бұған дейінгі тәжірибе де маңызды.

Біз ойынның барлық аспектісін жақсартуға тырысамыз және әлі де көп нәрсе істеу керек деп ойлаймын, бірақ бәрі дұрыс бағытта келе жатыр", - деп келтірді Рыбакинаның сөзін Tennis Majors.

Рыбакинаның Франция ашық чемпионатындағы ("Ролан-Гаррос") бірінші айналымындағы қарсыласы чехиялық 16 жастағы теннисші Бренда Фругвиртова болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ел балуандары Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Кеше, 14:55

Ел балуандары Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан Азия чемпионатында жалпы саны 38 медаль жеңіп алған
Жануарды арнайы жабдықтарды пайдалана отырып құтқарып қалған
Оған ұлттық құрама мен Қазақстандағы футбол туралы айтқан өткір сөзінен соң әлдекімдер қоңырау шалған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →