×

«Анашым, дұғаңыз қабыл болды!»: Қола жүлдегер Нұрлыхан Шархан Токио олимпиадасының чемпионын қалай жеңгенін айтты

Балуан эмоциясы өте керемет екенін, командаластарымның бәрі медаль алып, қола, күміс медаль алып, күн де көрсететінін, енді сол медальге өзі жеткеніне қуанады

«Анашым, дұғаңыз қабыл болды!»: Қола жүлдегер Нұрлыхан Шархан  Токио олимпиадасының чемпионын қалай жеңгенін айтты
Стоп-кадр

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында дзюдо күресінен 100 келіге дейін салмақта күресіп жатқан Нұрлыхан Шархан қола медаль алған. Күрестен кейін Qaz365.kz тілшісі  оған бірнеге сұрақ қойып үлгерді. 
 

«Барлық кездесулер өте қиынға соқты. Әсіресе, жапон балуанымен белдесу өте қиын болды. Бірақ Аллаға шүкір, қола медаль бұйырды. Жаттықтырушыларымыздың, барлығының жоспары бойынша алтынға үміттеніп келіп едік. Бірақ өзбек балуанымен жартылай финалда кішкене тактикалық тұрғыда жаттықтырушының айтқанын орындамай, кішкене өзімнің қателіктерімнің салдарынан есе жіберіп алдым. Жалпы өзбек балуанымен тең күресіп жүрген едім. Сонда да Аллаға шүкір, қола медальге қол жеткіздік», - дейді ол.


Балуан эмоциясы өте керемет екенін, командаластарымның бәрі медаль алып, қола, күміс медаль алып, күн де көрсететінін, енді сол медальге өзі жеткеніне қуанады.
 

«Ешқандай жетістік құпиясы жоқ. Тек еңбек ету керек.
Еңбек бәрін жеңбек. Қызыордадан үш балуан ие болдық. Қызылорда емес – барша қазақтың медалі. Жапон балуанынан ерекше дайындалдық. Өзімнің жеке жаттықтырушым бар. Тактика құрдық. Солақай болғаннан кейін сол қолын байлап, сол қолына қарай жұмыс істеп, тез шаршаттық. Жеңіске жеттік», - дейді ол.


Финалға барар жолда Нұрлыхан Шархан өзбек балуанына есе жіберді. 
 

«Өзбекке физикалық тұрғыда шама жетіп тұрған, эмоцияны да көрсетпеген едік. Өзбек менен сәл ұзындау. Ұзындық сылтау емес. Тактикалық тұрғыда қате болды. Алда Абу-Дабиде күресеміз. Париж олимпиадасына ұпай жинау керек. Рейтинге қазір 22-ші орындамын. 20-лыққа кірген балуан олимпиада барады. Қазақ еліне рахмет! Анашым дұғаңыз қабыл болды. Балаңыз жеңіс тұғырында», - деп түйеді сөзін балуан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ғалия Тынбаева алғаш рет Grand Slam чемпионы атанды
10.05.2024ж. 17:28

Ғалия Тынбаева алғаш рет Grand Slam чемпионы атанды

Ғалия Тынбаеваның спорт мансабындағы әлемдік Grand Slam жарысының алғашқы алтыны
Қазақстандағы инвестициялардың жалпы мөлшері 10 миллиард теңгеден асып жығылады
Акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға ел халқын біріктіру.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →