×

Басқа тіл білмегеніме ұялмаймын. Тек қазақша жақсы сөйлесем болды - Шавкат Рахмонов

Басқасы қызықтырмайды

Басқа тіл білмегеніме ұялмаймын. Тек қазақша жақсы сөйлесем болды - Шавкат Рахмонов
Ашық дереккөздерден

Қазақ файтері Шавкат Рахмонов кезекті жеңісінен кейін ағылшын тілін жақсартуға қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Шынымды айтсам, басқа тілдерді білген жақсы. Бірақ, ең бастысы, қазақ тілін дұрыстап сөйлегенім маңызды. Мен басқа тіл білмегеніме ұялмаймын! Тек қазақша жақсы сөйлесем болды! Басқасы қызықтырмайды! Менің ана тілім – қазақ тілі. Өзге тілдерді білмегеніме намыстанбаймын», – дейді Шавкат Рахмонов Tengrinews тілшісі қойған сауалға жауабында.

Айта кетейік, бүгін АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында өткен ережесіз жекпе-жек кешінде қазақстандық Шавкат Рахмонов кезекті рет жеңіске жетті.

Қазақ файтері америкалық Стивен Томпсонды UFC 296 турнирінің басты кардында жеңді. 
Үш раундқа есептелген турнирдің екінші раундынды Рахмонов қарсыласын қылғындыру әдісімен ұтты. 
Осылайша, қазақ баласы жеңістерінің санын тағы бірге көбейтті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Абай облысында футболшылар «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызуға қатысты
Бүгін, 12:34

Абай облысында футболшылар «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызуға қатысты

Акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға ел халқын біріктіру.
Жартылай марафонға 18 жастан асқандар қатысты
Ол финалда украиналық Марта Костюкті 6:2, 6:2 есебімен жеңіп, осы маусымда үшінші турнирде жеңіске жетті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →