×

Екі бірдей қазақ балуаны Париж Олимпиадасына жолдама алды

Бішкекте күрес түрлерінен лицензиялық турнир өтті

Екі бірдей қазақ балуаны Париж Олимпиадасына жолдама алды
Фото: Нұрғали Жұмағазы, Спортты дамыту дирекциясы

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан лицензиялық турнирде қазақстандық балуандар Әлішер Ерғали мен Юсуп Батырмұрзаев Париж Олимпиадасына жолдама алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Еркін күрестен 97 келідегі Әлішер Ерғали жартылай финалдық белдесуде Азия чемпионатының күміс жүлдегері, Қытайдағы қандасымыз Авусайиман Хабиланы 3:2 есебімен жеңді.

Осылайша, ол Париж Олимпиадасына жолдама алды. Әлішердің салмағына 92 келіге дейін салмақта әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұқан ауысқан. Олимпиадаға кімнің баратынын құрама бапкерлері шешеді. Өйткені жолдама жекелей емес, федерацияға беріледі.

Сондай-ақ 125 келідегі Юсуп Батырмұрзаев жартылай финалдық белдесуде Бахрейн өкілі Шамил Шариповты (Әлем кубогының чемпионы, Азия чемпионатының қола жүлдегері) 7:3 есебімен ұтып, Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
"Өз велосипедіңмен қатыс": Астанада жаппай велошеру өтеді
Бүгін, 09:21

"Өз велосипедіңмен қатыс": Астанада жаппай велошеру өтеді

Велошеру бағыты 25 шақырымды құрайды
Диас Ахметшәріп еңбек жолын 1997 жылы Қазақ радиосының репортері болып бастаған
Финалға шыққан ұлттық құрамамыздың 12 өкілі де қарсыластарын жеңіп, топ жарды
Қарсыластың төрт голына құрамамыз бір голмен ғана жауап берді.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →