×

Тоқаев құттықтады: Өзбекстан Парижде тоғыз алтын алуға жақын

Өзбек спортшыларына жанкүйер болғанын айтты

Тоқаев құттықтады: Өзбекстан Парижде тоғыз алтын алуға жақын
china-uz-friendship.com

Париж Олимпиадасында Өзбекстан рекорд жаңартты. Көрші елдің құрамасы қазірдің өзінде бес алтын жеңіп алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгін түнде бокстан Асахуджа Муйдинхужаев (71 келі) пен Лазизбек Муллажонов (92 келі) топ жарды

Муйдинхужаев финалда мексикалық боксшы Марко Алонсо Верде Альварестен басым түссе, Муллажонов болса, Әзірбайжан атынан өнер көрсететін кубалық Лорен Берто Альфонсо Домингесті жеңді.

Бұған дейін дзюдошы қыз Диера Келдиерова топ жарса, таэквондошы Улугбек Рашидов пен боксшы Хасанбой Дусматов екі дүркін Олимпиада чемпионы атанған. 

Соңғы екеуін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады. Ол Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеёвпен кездесуде өзбек спортшыларына жанкүйер болғанын айтты.

«Сізді құттықтаймын! Хасанбой Дусматов пен Ұлықбек Рашидов Олимпиаданың екі дүркін чемпионы болып отыр. Біз бәріміз жанкүйер болдық», – деді Тоқаев.

Қазіргі кезде Өзбекстан бес алтын, үш қоламен 14-орында тұр. Бүгін тағы бірнеше алтын бұйыруы мүмкін.

Бокстан Абдумалик Халоков (57 келі) мен Баходир Жалолов (+92 келі) финалдағы кездесулерін өткізеді.

Сондай-ақ еркін күрестен 74 келідегі балуаны Разамбек Жамалов да бүгін алтынға таласады.

Ауыр атлетикадан Акбар Джураев екі дүркін Олимпиада чемпионы болғысы келеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жамбыл облысында футбол академиясының құрылысы басталды
Бүгін, 21:01

Жамбыл облысында футбол академиясының құрылысы басталды

Академия 2027 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде
Әлем чемпионатына дүниежүзінің 21 мемлекетінен тоғызқұмалақшылар келді
Айдос Сұлтанғали бұл жеңіске дейін тұрақты баспанасы болмағанын да жасырмады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →