×

Қырғыз көкпаршылары қазақтарды өз жеріне шақырып жатыр

12 қыркүйекте қазақ көкпаршылары 5:4 есебімен қырғыз спортшыларынан басым түскен болатын

Қырғыз көкпаршылары қазақтарды өз жеріне шақырып жатыр
Фото: Артём Чурсинов

Қырғызстан Республикасының көк бөрі федерациясының мамандары Қазақстанға 1 қарашада Ыстықкөл маңайында көкпар мен көк бөріден турнир өткізуді ұсынды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Sputnik Кыргызстан агенттігіне сілтеме жасап.

"Біз 1 қарашада сол баяғы құраммен көк бөрі мен көкпар ойнауды ұсынамыз. Бұл спорт, ойын екі халық арасында алауыздық тудырмауы керек. Біз халықтарымыздың келісімі үшін жеке амбициялардан бас тартуға дайынбыз. Төреші басқа елден болады", – деді көк бөрі федерациясының басшысы Рамис Жүнісалиев баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, 12 қыркүйекте көкпардан Қазақстан және Қырғызстан құрамалары Көшпенділер ойындарының ақтық кезеңінде жолдары түйісіп, қазақ көкпаршылары 5:4 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Сондай-ақ дәл осы күні көк бөріден де қос құрама кездесіп, қырғыз спортшылар 10:4 есебімен басым түскен болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістанда тұңғыш рет өткен түнгі марафонға 3 мыңға жуық атлет қатысты
Кеше, 13:34

Түркістанда тұңғыш рет өткен түнгі марафонға 3 мыңға жуық атлет қатысты

Оның ішінде 6 елден келген 70 шетелдік спортшы бар
Осыған орай бүгін Талдықорған қаласындағы құрылыс алаңына Уақыт капсуласы салынды
Соңғы ойындардағы сәтсіз нәтижелер команда басшылығындағы өзгерістерге себеп болды
Инвестиция құны 1 млрд теңгеге жуықтайды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →