×

«Екі титул қолда, екеуі жолда»: Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегі қашан өтетінін айтты

Әлімханұлы өз салмағындағы чемпиондарға арнап желіде жазба қалдырды

«Екі титул қолда, екеуі жолда»: Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегі қашан өтетінін айтты
Фото: No Limit Boxing

Жақында ғана жаңазеландиялық қарсыласын жеңген Жәнібек Әлімханұлы чемпиондарды жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Екі тұжырым бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы өз салмағындағы чемпиондарға арнап желіде жазба қалдырды.

«Кез келген жерде, кез келген боксшымен жұдырықтасуға біз әрқашан дайын болғанбыз, қазір де дайынбыз. Қазақ стилін тарихқа қашап жазамыз бұйыртса! Мен үшін үлкен жекпе-жектер тек чемпиондық жекпе-жек. Бізге чемпиондар керек! Төрт титул керек! Чемпиондар қашса, қорықса олар чемпиондар емес! Ал ақша үшін бокстасса ол спортшы емес, бизнесмен. Мен әлі де келесі жекпе-жегім Адамес не Ларамен болады деп үміттенемін. Командам қазір үлкен келіссөздер жүргізіп жатыр. Егер чемпиондар келіспесе, екі титулды қайта қорғаймыз.

Сондай-ақ ол келесі жекпе-жегінің уақыты туралы айтты.

«Бұйырса келесі жекпе-жегім ақпан айында өтеді деп жоспарлануда! Чемпиондық жекпе-жек болады немесе WBO міндеттеген қарсыласпен өнер көрсетеміз. Маған сенім артып, жанкүйерлік жасап жүрген барша ағайынға көп рақмет. Екі титул қолда, екеуі жолда! Құдай қаласа ертелі кеш 4 титулды елге алып келемін», – деді Әлімханұлы.

Айта кетейік, Жәнібек Аустралияның Сидней қаласында өткен жекпе-жекте Андрей Михайловичті (21-1, 13 КО) 9 раундта қарсыласын техникалық нокаутқа жіберген еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ресми: Қазақстанның бокс федерациясы World Boxing құрамына енді
Бүгін, 17:19

Ресми: Қазақстанның бокс федерациясы World Boxing құрамына енді

Конгресс барысында жарыс өткізу регламентіне де енгізілген өзгерістер қабылданды
Бокстан Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды
Қазақ тіліндегі қатесіз нұсқаны таңдау кезінде 23 мүше қолдап, 2 мүше қарсы дауыс берген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →