×

Алматыда салымшылары криптовалютамен ақша салатын қаржы пирамидалары қызметін тоқтатты

Орташа салым сомасы 225 мың теңгені құрайтын төлемдер тек USDT криптовалютасында қабылданған

Алматыда салымшылары криптовалютамен ақша салатын қаржы пирамидалары қызметін тоқтатты
Сурет: DrawKit Illustrations, Unsplash

Алматыда «Warner Bros», «Roborock» және «NFT+TRX» қаржылық пирамидаларының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Қаржы мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

“ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті «Warner Bros», «Roborock» және «NFT+TRX» қаржылық пирамидаларының қызметін тоқтатты. Қаржылық пирамида ұйымдастырушылары салымшыларды трейлерлерді көру арқылы жоғары пайда алу деген сылтаумен жобаларға инвестиция салуға көндірген. Жоба 9 деңгейден құралып, орташа салым сомасы 225 мың теңгені құрады, төлемдер тек USDT криптовалютасында қабылданды. Мысалы, «Warner Bros» жобасы бойынша салымшылар арнайы қосымшаға тіркеліп, криптовалюта арқылы қолжетімділікті сатып алып, трейлерлерді көру үшін және жаңа салымшыларды шақыру үшін «есептелетін» сыйақылар алған. Соттың санкциясымен 3,8 млн USDT көлемінде криптоактивтерге тыйым салынды”, – делінген ҚМА хабарламасында.

Тергеу барысында салымшылардан қаражат жинау және транзит жасау үшін қолданылған криптовалюталық әмияндар анықталды. 
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қыз алып қашқандар енді «босатып жібердім» деп құтылмайды
Бүгін, 11:32

Қыз алып қашқандар енді «босатып жібердім» деп құтылмайды

Қазақстанда некеге мәжбүрлегені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған ауыр қылмыстардың көбеюіне байланысты жедел кеңес өткізді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →