×

Алматыда жол ережесін бұзған белгілі блогер жазаланды

Ол 2 бап бойынша әкімшілік жауапқа тартылды

Алматыда жол ережесін бұзған белгілі блогер жазаланды
Фото: instagram.com/daricorn.rr

Daricorn атымен танымал блогер Дариға Нұркеева жол ережесін өрескел бұзған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол көлік басқарып отырған бейнежазбасын әлеуметтік желідегі өз парақшасында жариялаған. Алматы қаласының Полиция департаменті блогер екі бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты.

“Интернет кеңістікті талдау барысында белгілі блогер-қыздың жол-көлік ережелерін өрескел бұзғаны анықталды. Тергеу қорытындысы бойынша құқық бұзушы ҚР ӘҚбК-нің 595-бабының 1-бөлігі (сигнал беру талаптарын орындамау) және ҚР ӘҚбК-нің 606-бабының 1-бөлігі (апаттық жағдай туғызу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мұндай әрекеттер жай ғана жауапсыздық емес, ол басқалардың өмірі мен денсаулығына қасақана қауіп төндіру. Мұның бәрі интернеттегі лайк пен қаралым үшін жасалады. Танымалдылық деңгейі, оқырмандардың саны жауапкершіліктен босатпайды. Заң – бәріне бірдей”, – деп хабарлады полиция.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сәтбаев университетінің бұрынғы басшылығы 2500 шаршы метр жатақхананы сатып жіберген
Бүгін, 11:56

Сәтбаев университетінің бұрынғы басшылығы 2500 шаршы метр жатақхананы сатып жіберген

Олар тиісті тендер ұйымдастырмастан және өткізбестен жекеге өткізіп жіберген
Сегіз шетелдік сот шешімімен елден шығарылған
Олар мыңнан астам салымшыдан заңсыз түрде 9 млрд теңгеден астам қаражат тартқан
Еңбек заңнамасының сақталуын талдау барысында 125 орта мектеп қызметкерінің құқықтарының бұзылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →