×

2026 жылға қарай Қазақстан жылына жарты миллион машина шығаруы керек – министр

Өткен жылы автомобиль өндірісі 100 мыңнан астам жеңіл машинаны көрсетті

2026 жылға қарай Қазақстан жылына жарты миллион машина шығаруы керек – министр

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Қазақстан автомобиль нарығында басты ойыншы бола ма?” деген сұраққа жауап берген ведомство басшысы өткен жылы елде 100 мыңнан астам жеңіл автокөлік жиналғанын айтты.

«Жалпы, автомобиль жасау – еліміздегі жаңа бағыт. Біз бұл салада шамамен 10 жыл бұрын жұмыс істей бастадық. Өткен жылы автомобиль өндірісі 100 мыңнан астам жеңіл машинаны көрсетті. Бұған дейін автомобиль құрастыруға баса мән берілетін. Енді біз локализацияны тереңдете түсеміз, талаптарды қатайтамыз. Әр брендтен бір модельді ұсақ құрастыру арқылы жинау керек. Шағын құрастыру – 2 мыңнан астам операцияны құрайды, бұл орасан зор жұмыс. Оған қоса, жаңа жобалар да бар. Біз шиналар өндірісін бастадық, аккумуляторлар мен алдыңғы бамперлер шығара бастадық. Әрі қарайғы міндет – жергілікті өндірісті дамыту», - деді министр Астанада Ondeu Expo индустриялық көрмесінде тілшілерге берген сұхбатында.

Сондай-ақ, Индустрия министрі елімізде авто өндіру көлемі артып келе жатқанын айтты.

«Егер Қазақстан нарығы – 150 мың машина болса, келесі жылы қазақстандық автоөндіріс 150 мың машинаны шығарады. Яғни, нарықтың жаңа автокөліктерге деген қажеттілігі толығымен жабылады. Бірқатар жаңа жобалар бар. Біздің міндетіміз - 2026 жылға қарай Қазақстан жылына жарты миллион машина шығаруы үшін өндіріс көлемін 500 мыңға дейін арттыру», - деп толықтырды Марат Қарабаев.

Айта кетейік, елордада «EXPO» халықаралық көрме орталығында Ondeu EXPO өңдеу өнеркәсібінің халықаралық көрмесі және Kazakhstan Machinery Fair машина жасау және металл өңдеу бойынша халықаралық мамандандырылған көрмесі өтіп жатыр.

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шикізаттың аздығы немесе Түркістандағы жиһаз өндірушілердің мәселесі неде
Кеше, 13:47

Шикізаттың аздығы немесе Түркістандағы жиһаз өндірушілердің мәселесі неде

Қазақстандағы халқы ең көп облыста өндірістің түр-түрін таңдап, дөңгелетіп әкеткендер баршылық
Үміткерге баспана іздеуге 6 ай уақыт беріледі
Кездейсоқтық па әлде басқа ма, әйтеуір біз қазақстандық инвест банктер өзін жақсы сезінетінін байқаймыз

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →