×

«Мені бұл жерден қусаңдар, өз-өзіме қол салам»: Талдықорған әкімі саудагерлермен айтысты

Талдықорғанда басқа қалалардағыдай көшеде заңсыз сауда баршылық

«Мені бұл жерден қусаңдар, өз-өзіме қол салам»: Талдықорған әкімі саудагерлермен айтысты
коллаж Qaz365.kz

Әлеуметтік желіде Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзілдің көшедегі заңсыз саудагерлермен әңгімесі тарады. Әкім бүкіл шенеуніктерімен, полиция қызметкерлерімен бірге саудагерлерді заңды сақтап, «керек болса, жұмыс тауып беретінін» айтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Талдықорғанда басқа қалалардағыдай көшеде заңсыз сауда баршылық. Әкім алдымен осы мәселені реттеу үшін полиция қызметкерлерімен бірге саудагерлерге барған. «Тым құрығанда мына жаяу адамдар жүретін орынды неге жауып тастағансыңдар?» деген әкім заңсыз саудагерлердің үстінен хаттама толтыруды тапсырады. Алайда саудагер әйелдердің бірі «мені бұл жерден қусаңдар өз-өзіме қол салам» деп қорқытады.
Екіжақты дау біраз уақытқа созылған. Саудагер әйелдердің бірі жұмысынан 100 мың теңге алатынын айтып қалған. Әкім «ендеше, мен сізге 150 мың теңгенің жұмысын тауып берейін, барасыз ба?» деп айтысады. Бір қарағанда әкімнің әр саудагермен эмоцияға толы «сен» деп сөйлескені де оғаштау көрінеді. 

«Бәріңе жұмыс тауып беремін. Тігін фабрикасына оқытып берем. Барасың ба оқуға?» - дейді Ернат Бәзіл.

«Балаңды 42 мың теңгеге киіндіріп берем», - дейді екінші әйелге.

Үшіншісі оған атаулы әлеуметтік көмек ала алмай жүргенін, ол үшін қаншама құжат сұрайтынын айтып шағымданады.

«Тыйым салынған орындарда сауданы тоқтату керек», - дейді Бәзіл.


Екі жақтан ортақ мәміле байқалмайды. Саудагерлер заңды жұмыс істеуге дайын екенін, алайда адам көп жүретін орталықтан орын алып беруді талап етеді.

Ал әкім барлық жұмыс заң аясында болуы керектігін ескертеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Halyk Көмек: қайырымдылық марафонынан жиналған қаражатқа жаңа инклюзия кабинеттері ашылады
04.05.2026ж. 17:44

Halyk Көмек: қайырымдылық марафонынан жиналған қаражатқа жаңа инклюзия кабинеттері ашылады

Charity Samruk Marathon–нан жиналған қаражат инклюзивті білім беру инфрақұрылымын құруға жұмсалатын болады
Эяль Эльбоим, Swiss Capital: «Біз өсімді бақылап қана қоймай, оны басқарамыз»
Бір жыл ішінде Банк нарықтағы өз позициясын нығайтып, актив, кредиттік портфель және депозиттік база бойынша нарықтық үлесті 10 % ке арттырды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →