×

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері айтылды

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 306 миллиардтан аса теңге зейнетақы төленген

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері айтылды
Фото: qaz-media.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Министрлік мәліметінше, жыл басынан бері қазақстандықтарға 306 миллиардтан аса теңге зейнетақы төленген.

«2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 346 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 810 теңге, базалық зейнетақы – 42 536 теңге», – делінген хабарламада.

2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша, зейнеткерлер саны – 2 миллион 343 мың адам.

«Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 306,8 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 96,4 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 210,4 миллиард теңге жұмсалды», – делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Балдан металға дейін: Өскеменде "Қазақстанның үздік тауары" көрмесі өтті
27.06.2025ж. 12:45

Балдан металға дейін: Өскеменде "Қазақстанның үздік тауары" көрмесі өтті

Көрме жәрмеңке форматында өтіп, қонақтарсатып алу мүмкіндігіне ие болған
Қазақстандық лоукостер Skytrax World Airline Awards 2025 жүлдесіне ие болды
Қазақстандық әуе тасымалдаушы Орталық Азия мен ТМД бойынша үздік деп танылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →