×

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады

Ұлттық банк инфляция деңгейін 5 пайыз төңірегінде ұстап тұру ақша-кредит саясатын ұстанады

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады
nationalbank.kz

Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады. Оның мөлшері 14,25 пайыз деңгейінде қалды,  деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Жылдық инфляция шілдеде өскен соң тамыз, қыркүйекте байыппен төмендеуін жалғастырды.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 14,25 пайыз деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Орта мерзімді перспективада инфляция бойынша 5 пайыз мақсатқа қолжеткізу ұстамды қатаң ақша-кредит шарттарын сақтауды қажет етеді. Тәуекелдер балансы проинфляциялық жаққа ығысып отыр. Инфляцияның орнықты бөлігі тұрақты түрде төмендесе және фискалдық алшақтықты қаржыландыру мәселесі тиімді әрі жүйелі шешімін тапқан жағдайда базалық мөлшерлемені байыппен және теңгерімді түрде төмендетуге мүмкіндік болады.

Базалық пайыздық мөлшерлеме – несиенің барлық түрлері бойынша пайыз есептеу үшін банктер белгілеп, жариялайтын пайыздық мөлшерлеме. Базалық пайыздық мөлшерлеме көп ретте жылдық мөлшерлеме ретінде есептеледі. Базалық пайыздық мөлшерлеменің мөлшері несие ресурстарына сұраным мен ұсынымға, ақша нарығының пайыздық мөлшерлемесіне, ақшаға билік жүргізетін орындар белгілейтін пайыздық мөлшерлемеге байланысты. Базалық пайыздық мөлшерлеме әдетте банкінің ең төмен пайыздық мөршерлемесі болып табылады. Бұл көрсеткіш банкте ақшасын депозитте ұстаушылар үшін берілетін жылдық сыйақысын есептеуде де қолданылады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Идеядан империяға: Алматы қаласында масштабты қазақ тілінде бизнес форум өтпек
10.10.2024ж. 17:04

Идеядан империяға: Алматы қаласында масштабты қазақ тілінде бизнес форум өтпек

Форумның ана тілімізде өтуі – іскерлік тілді қазақыландыру жолындағы маңызды қадам
Әртараптандыру дегеніміз – тек бір сала не бір бағытта ғана жұмыс істеу емес, түрлі салалар бойынша жұмылдыруды қажет ететін процесс
RAMS QAZAQSTAN компаниясы өз қызметін 1997 жылдан бері жүргізіп келеді
Облыс аумағында жалпы ауданы 96,6 мың гектар «Алатау» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істейді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →