×

Ерлан Қошанов IV Дүниежүзілік көшпенділер ойынының ашылу салтанатына қатысты

Көшпенділер ойындарына 102 елден 3 мыңнан астам спортшы жиналды

Ерлан Қошанов IV Дүниежүзілік көшпенділер ойынының ашылу салтанатына қатысты
Parlam.kz

Бүгін 30- қазан күні Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Түркияның Изник ​​қаласында өтетін IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ҚР ПарламентІ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көшпенділер ойындарына 102 елден 3 мыңнан астам спортшы жиналды. Қазақстан атынан бес спорт түрі бойынша 50 қатысушыдан құралған команда бар: ұлттық күрес «Қазақ күресі», садақ ату, көкпар, көкбөрі, жамбы ату.

Мәжіліс Төрағасы ойындар басталар алдында Қазақстан құрамасының мүшелерімен кездесіп, оларға Мемлекет басшысының сәлемін жеткізіп, алдағы жарыстарда жеңіс тіледі. Ерлан Қошанов Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының елдер арасындағы мәдениетаралық байланысты нығайту және түркі әлемінің ортақ құндылықтарын әлемдік деңгейде ілгерілету үшін маңызы зор екенін атап өтті.

“Қазір бүкіл ел сіздерге  тілеулес болып отыр. Қазақ спортының бар күшін көрсетіп, жеңіспен оралыңыздар”, – деп Мәжіліс Төрағасы спортшыларды жігерлендіріп, қолдау білдірді.

Шара аясында Ерлан Қошанов Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесті. Мәжіліс Төрағасы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық сәлемі мен ізгі тілегін жеткізіп, Түркия басшысын осы елде алғаш рет өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты ашылуымен құттықтады.

“Біздің елдер арасындағы ынтымақтастық жыл сайын нығайып келеді. Бұл көп жағдайда сіз бен біздің Президент Қасым-Жомарт Тоқаев арасындағы достық қарым-қатынас пен жемісті диалогтың нәтижесі. Биылғы жылдың қазан айына жоспарланған Қазақстанға келуіңізді асыға күтеміз. Бұл сапар бауырлас елдеріміз арасындағы қарым-қатынастарды жаңа деңгейге көтеріп, оны одан әрі нығайту үшін жаңа мүмкіндіктер туғызатынына сенімдімін”, – деді Ерлан Қошанов.

Өз кезегінде Түркия Президенті Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымы және жалпы түркі әлемі үшін рөлін жоғары бағалады, сондай-ақ Мәжіліс Төрағасына IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылуына қатысқаны үшін алғыс айтты.

“Қазақстандағы тұрақтылық бүкіл аймақ үшін өте маңызды. Осыған байланысты мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүзеге асырған реформалардың және оның кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы бастамасының маңыздылығын жоғары бағалаймын. Мен еліңіздегі оқиғаларды жіті бақылап отырамын. Жалпы, Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты қарым-қатынас жоғары деңгейде. Бұл мәселеде парламентаралық ынтымақтастыққа үлкен мән беріледі”, – деді Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған.

Ерлан Қошанов Қазақстан Парламенті мен Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысы арасындағы, оның ішінде парламентаралық ұйымдар аясындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы туралы хабардар етіп, барлық бағыттар бойынша бірлескен жұмыс жалғасатынына сендірді. Мәжіліс Төрағасы Қазақстанның кезекті V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізуге өтініш бергенін айтып, түркі жұртшылығы бұл ұсынысты қолдайтынына сенім білдірді. Сондай-ақ Мәжіліс Төрағасы Түркияның экс-премьер-министрі Бинали Йылдырыммен кездесті. Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытудың жоғары серпінін атап өтті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Бұл туралы 2024 жылдың көктемінде хабарланды
Бұл комикс - оқырмандарға қызық әлемге сапар шегу мүмкіндігін сыйлайды
Бұл жөнінде “baurynasalu.film”  Instagram парақшасында хабарланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →