×

"Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы" байқауының жеңімпаздары белгілі болды

Конкурс  оқытушы кәсібінің беделін арттыру  мақсатында өткізіледі

"Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы" байқауының жеңімпаздары белгілі болды
Сурет: thebetterbail.com

«2024 жылғы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсының жеңімпаздары белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.  Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді.

Республикалық конкурстық комиссия өз мамандығы бойынша ең үздік оқытушыларды таңдады.

“Конкурсқа еліміздің 90 жоғары оқу орнынан барлығы 946 үміткер қатысты. Конкурста электронды оқу ресурстарын, оқу материалдарын әзірлеу және жариялау, отандық және халықаралық журналдардағы ғылыми жарияланымдар, өнертабысқа патенттердің болуы және т.б. сияқты көрсеткіштер, сондай-ақ үміткердің оқыту сапасы, оның бакалавриатта, магистратурада және докторантурада кадрлар даярлау жөніндегі еңбегі бағаланды”, – делінген министрлік хабарламасында.

Конкурс жыл сайын оқытушы кәсібінің беделін арттыру және оларды одан әрі кәсіби дамытуға ынталандыру мақсатында өткізіледі. Жеңімпаздардың тізімін мына жерден көре аласыздар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →