×

Мемлекеттік аудитор мектептегі тексерістің оң қорытындысы үшін 26 млн теңге пара алған

Сарыағаш ауданында 26 млн теңге пара алған

Мемлекеттік аудитор мектептегі тексерістің оң қорытындысы үшін 26 млн теңге пара алған
egemen.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру саласындағы ірі жымқыру әрекеттерін тергеуді жалғастыруда, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыстарды мемлекеттік аудиторлар жасырған, бұны қылмыстық істердің материалдары растап отыр.

Мәселен, Жетісу облысында бюджет қаражаты «өлі жандардың» шоттарына ақша аудару және мектеп қызметкерлерінің жалақысын асыра есептеп, кейіннен оларды қолма-қол ақшаға айналдыру мен иемдену арқылы ұрланған.

Тергеу барысында Алматы облысы Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторы 500 мың теңге сомасында пара алғаны әшкереленді. Ол Талдықорған қаласындағы мектептердің бірінде аудиторлық тексерістің оң қорытындысы үшін пара алған.

Қазіргі уақытта аудитор сотқа тартылды.

Осыған ұқсас факт Алматы облысында анықталды, онда облыстық тексеру комиссиясы бөлімінің басшысы Қарасай ауданының білім бөлімінің бухгалтерінен аудиторлық тексерудің оң нәтижелері үшін 1 млн теңге сомасында пара алған.

Осы факті бойынша Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар, Түркістан облысында мемлекеттік ревизор - облыстық Тексеру комиссиясының бас инспекторы парақорлықпен әшкереленді.

Оған Сарыағаш ауданындағы мектептердің бірінде аудиторлық тексерістің оң қорытындысы үшін 26 млн теңге көлемінде пара алды деп күдік келтіріліп отыр.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Оқушылар арасында V республикалық шешендік өнер байқауының жеңімпазы анықталды
Кеше, 12:03

Оқушылар арасында V республикалық шешендік өнер байқауының жеңімпазы анықталды

Тартысты бәсеке жеті бөлімнен тұратын ерекше тапсырмаларды орындаудан өтті
Ол 2019-2024 жылдар аралығында қызмет бабын пайдалана отырып қаржы жымқырған
Стандарт бала білімін өмірде қолдануы үшін жауап беру керек

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →