×

17 шілдеде «Болашақ» стипендиясына құжат қабылдаудың төртінші легі басталады

Биыл «Болашақ» стипендиясы үміткерлеріне қойылатын талаптар күшейтілді

17 шілдеде «Болашақ» стипендиясына құжат қабылдаудың төртінші легі басталады
Ашық дереккөздерден

«Болашақ» бағдарламасы аясында құжаттарды қабылдаудың төртінші легі 2023 жылғы 17 шілдеден 15 қыркүйекке дейін жалғасады, деп хабарлайды Qaz365.kz «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімдер мемлекеттік қызметтер порталы – eGov.kz арқылы онлайн түрде қабылданады.

Биыл «Болашақ» стипендиясы үміткерлеріне қойылатын талаптар күшейтілді. Енді үміткерлер шет тілін меңгергенін растауы тиіс. Ағылшын тілінде оқуға түсушілер төмендегі нәтижелер бойынша IELTS сертификатын ұсынуы керек:

  • квоталық санат бойынша 9.0-ден кемінде 5.0.
  • өз бетінше түскендер санаты бойынша (магистратура, докторантура) 9.0-ден кемінде 6.0.
  • тағылымдама санаты бойынша 9.0-ден кемінде 5.0.

Жалпы алғанда, биыл магистратура және резидентура бағдарламаларына 395 стипендия, докторантураға 50 стипендия, тағылымдамадан өту үшін 110 стипендия бөлінді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Димаш Құдайбергеннің қарындасы диплом алды
Кеше, 17:51

Димаш Құдайбергеннің қарындасы диплом алды

Өнерлі отбасыны көпшілік құттықтап жатыр. 
ҚР Ұлттық қорғаныс университеті болып қалады.
Негізгі бастауышқа айналуы немесе толықтай жабылуы мүмкін
Министрдің айтуынша, хаттарда көтерілген ұсыныстар мен мәселелер жүйеленіп, жан-жақты пысықталуда.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →