×

ҰБТ-да 140 балл жинаған түлек қандай мамандықты таңдағалы отыр

Ол мектепте 11 жыл үздік оқыған

ҰБТ-да 140 балл жинаған түлек қандай мамандықты таңдағалы отыр
Фото: ашық дереккөзден

ҰБТ-да 140 балл жинаған түлек Жаннұр Еңсебек қай мамандыққа қызығушылық танытып отырғанын  айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Өткен аптада ҰБТ-дан 140 балл жинап, биылғы жылдың рекордын орнатқан Жаннұр Еңсебек университетімізге келіп, SDU-да оқытылатын мамандықтармен танысуда. 11 жыл үздік оқыған Жаннұр – «Алтын белгі» үміткері. Ол ҰБТ-ны «Математика-Информатика» комбинациясы бойынша тапсырған және Инженерлік және жаратылыстану ғылымдары факультетінің мамандықтарына қызығушылық танытып отыр» – деп хабарлады  SDU университетінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, Ұлттық бірыңғай тестілеуде Талғар ауданы, Қарабұлақ ауылының №22 жалпы білім беретін орта мектебі түлегі Еңсебек Жаннұр барлық сұраққа дұрыс жауап беріп, максималды балл жинады. Оған жақында көлік сыйлады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап студенттердің шәкіртақы өседі
01.07.2024ж. 16:09

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап студенттердің шәкіртақы өседі

Премьер-министрі Үкімет қаулысына қол қойды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →