Олардың біреуі қайтыс болды. Зардап шеккен екі адам Ақтөбе қаласына ҚР ҚМ ЯК-40 ВОСВОД ұшағымен жеткізілді.
Ақтөбе облысында оқу-жаттығу кезінде Қорғаныс министрлігіне қарасты тікұшақ апатты жағдайда қонып, бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бүгін, 9 қарашада сағат 11:40-та 112 нөміріне Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы Сарыарқа ауылының ауданында тікұшақтың қатты қарқынмен қонғаны туралы хабарлама келіп түсті. Әуе кемесі, болжам бойынша, ҚР Қорғаныс министрлігіне тиесілі, - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.
Оқиға орнына ТЖД жеке құрамынан 23 адам мен 5 бірлік техника жіберілді. Оқиға орнына келген ТЖМ құтқарушылары өртті жойды. МИ - 8 тікұшағының бортында 3 адам болған. Олардың біреуі қайтыс болды. Зардап шеккен екі адам Ақтөбе қаласына ҚР ҚМ ЯК-40 ВОСВОД ұшағымен жеткізілді.
Сонымен қатар Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасы тікұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы ақпаратты жариялады.
Апаттан зардап шеккен 2 адамның жағдайы орташа ауыр. Олар есін біледі. Сұрақтарға жауап беруде, - деп жазылған хабарламада.
Бортта болған үш адамның біреуі 103 қызметінің көлігі келгенге дейін көз жұмған.
Ақтөбеде науқастарды әуежайдан екі жансақтау бригадасы күтіп алды. Күйік шалған 2 адам ауруханаға жеткізілді. Бүгінде зардап шеккендер жансақтау бөлімінде жатыр, диагностика жүргізілуде, - деп жазылған хабарламада.