×

Эксперттер Нұрғанат Ғайыпбаевтің өлімі неден болғанын айтты

Бүгін марқұмды жер қойнына тапсырды

Эксперттер Нұрғанат Ғайыпбаевтің өлімі неден болғанын айтты
Видеодан скриншот

Сот-медициналық сараптама 9 желтоқсанда Талғардың шетінде денесі табылған 30 жастағы Нұрғанат Ғайыпбаевтің өліміне өзін-өзі асуға тән механикалық асфиксия себеп болғанын анықтаған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сарапшылардың пікірінше, денеде зорлық-зомбылық белгісін көрсетер із жоқ. Анықталған дене жарақаттары, соның ішінде странгуляциялық із бен мойынның абразиялары ілмекті пайдалану кезінде пайда болатын жарақаттарға келеді. Денедегі іздің біркелкі болуы және зақымдану сипаты суицид нұсқасын растайды.

– Мастоидтық процестің құлақ аймағындағы және желке аймағындағы абразияға ұқсайтын тұсы үйкеліс пен ілмектің қысылуынан пайда болуы мүмкін, - деп атап өтті Алматы облысының полиция департаменті.

Еске салайық, осыған дейін  марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай інісі Нұрғанаттың мәйіті табылған орынды көрсетіп видео жариялағанын жазған болатынбыз.

Бірақ туған-туыстары оның өз-өзіне қол салғанына сенбейді. Бүгін марқұмды жер қойнына тапсырғаннан кейін ағасы Қаржаубай Нұрымов оның өлім себебін ашық тергеуді талап етіп, наразылық білдірген. Оны полиция ұстап әкетті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →