×

Алты адамның тірі қалды. Министр Ақтаудағы ұшақ апаты туралы айтты

Алты адамның тірі қалды. Министр Ақтаудағы ұшақ апаты туралы айтты
.lada.kz

Бүгін, 25 желтоқсанда, Ақтау әуежайының маңында ұшақ құлады. Оқиға орнынан видео желілерде тарап жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, апаттан аман қалғандар болуы мүмкін, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ұшақ апатынан 6 адам аман қалғанын айтты.

Ол жаққа арнайы ұшақ аттанды. 14 бригада жедел жәрдем қызметі аттанды. Әзірге 6 адамның тірі қалғаны белгілі. Олардың жағдайы өте ауыр, - дейді Ақмарал Әлназарова.

"Қазаэронавигация" ақпаратынша, Баку-Грозный бағыты бойынша келе жатқан "Эмбрайр190" AHY8243 ұшағы Ақтауда құспен соқтығысып, рульдік басқарудың бұзылуына байланысты апатты жағдайды жариялады. 

Әзербайжандық БАҚ-тың хабарлауынша, бортта 67 адам мен 5 экипаж мүшесі болған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды
Бүгін, 17:00

Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды

Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 
Оның мопед ұрлығының кем дегенде төрт эпизодына қатысы болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →