×

Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккен соңғы науқас еліне кетті

Бүгінде Маңғыстау облыстық көпбейінді емханасында ұшақ апатынан зардап шеккен науқастар жоқ.

Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккен соңғы науқас еліне кетті
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

 30 желтоқсан күні Маңғыстау облысының басшылары, дәрігерлер мен құтқарушылар ұшақ апатынан зардап шегіп, жансақтау бөлімінде 6 күн емделген үш әзірбайжандық азаматты арнайы бортпен еліне шығарып салды, деп хабарлайды Qaz365.kz.  

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 25 желтоқсаннан бері облыстық көпбейінді емханасының жансақтау бөлімінде жатқан Лейла Омарова, Муслимат Сираджова мен Хафизат Халаеваны бүгін Әзірбайжаннан арнайы келген ұшақтармен еліне алып кетті. Үшеуінің де жағдайы нашарлаған жоқ, 1 науқас механикалық вентиляциядан, вазопрессордан және дәрілік седациядан шығарылды. Ал екеуінде вазопрессорлардың дозасы минималды дозаларға дейін төмендетілген. Дәрігерлер олардың өмірін сақтап қалу үшін барын салды.

Бүгінде Маңғыстау облыстық көпбейінді емханасында ұшақ апатынан зардап шеккен науқастар жоқ. Маңғыстаулық дәрігерлер әуе апатынан жарақат алған 29 азаматтың түгел аман-есен еліне жеткеніне дән риза, – делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, 25 желтоқсан күні болған әуе апатынан 29 адам аман қалды. Оларға мемлекет басшысының тапсырмасымен елордадан келген білікті мамандар сапалы медициналық көмек көрсетті. Медициналық көмек алған Әзербайжанның 14 азаматы еліне оралды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні болды
Бүгін, 14:07

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні болды

Қар көшкіні жолды жауып тастаған
Қалған қыздар видеоға түсіріп, жанжалды тамашалап тұр.
Жәбірленушілер арасында Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан азаматтары бар
Қызылордада алғаш рет бауыр ауыстыру отасы жасалып отыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →