×

Қазақстан-Британ университетінің студенттері қашықтан оқитын болды

Оған оқу ғимаратында болған өрт себеп болған

Қазақстан-Британ университетінің студенттері қашықтан оқитын болды
Сурет: zakon.kz

Қазақстан-Британ университетінің студенттері онлайн оқитын болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Қазақстан-Британ университетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Қазақстан-Британ университетінің студенттері бүгіннен бастап 20-қаңтарға дейін уақытша онлайн оқиды. Бұған оқу ғимаратында болған өрт себеп болып отыр. Өрт зардаптары толығымен жойылғанға дейін университетіміздің білім алушылары қашықтан білім алады”, –  делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, қаңтардың 11-нен 12-сіне қараған түні ғимараттың шатырынан өрт шығып, мәжіліс залы мен бірнеше әкімшілік бөлмеге зақым келген. 120 шаршы метр аумақты алған қызыл жалын 3 сағатта толық сөндірілген болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →