×

Астанада криминалды топ өкілдері ұсталды

Олар ақша босалау, қорқыту, тонау істері бойынша күдікті деп танылған

Астанада криминалды топ өкілдері ұсталды
Сурет: Бейнеден кадр

Елордалық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.

“Ұсталған күдіктілер құрамында бірнеше рет сотталған криминалитет өкілдері бар. Олар бірқатар ауыр қылмыстар жасады деп күдіктелуде. Эпизодтардың бірінде қорқыту және зорлық-зомбылық қолдану арқылы жергілікті тұрғыннан 5 млн теңге сомасында қаражат және Тоуота маркалы жол талғамайтын көлікті иемденген. Басқа жағдайда банктердің бірінің іргелес аумағында олар 6 млн теңгені ашық түрде тонап кеткен. Қылмыстық топтың барлық қатысушылары қамауға алынды. Олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатыстылығын тексеру жүзеге асырылуда”, –  деп мәлімдеді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған бопсалау және тонау фактілері бойынша жүргізілуде.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →