×

"Мектептің талын кесіп жатқан". Жамбыл облысында 51 жастағы азамат қайтыс болды

"Мектептің талын кесіп жатқан". Жамбыл облысында 51 жастағы азамат қайтыс болды
Фото: Pixabay

Жамбыл облысының Байзақ ауданында 51 жастағы мектеп жұмысшысы ағаштарды кесу кезінде құлап, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқиға Байзақ ауданы Дихан тірек білім ошағында болған. Қайғылы жағдайды облыстық білім басқармасы растады,

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оған қоса, уәкілетті органдар арнайы тергеу жүргізіп жатыр. Оған мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің өңірлік департаментінің басшылығымен Байзақ ауданының білім бөлімі өкілдері қатысып жатыр, - делінген ведомствоның хабарламасында.

Өз кезегінде Жамбыл облыстық полиция департаменті 51 жастағы жұмысшының қаза болуына байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Бұл бапта еңбек қауіпсіздігі ережелерін ұйымдастыру немесе қамтамасыз ету міндеті жүктелген тұлғаның заңбұзушылығы, соның салдарынан абайсызда адам өліміне әкелгені үшін жауапкершілік қарастырылған.

Аталған бапқа сәйкес, кінәлі азаматты белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға дейін айырып немесе онсыз, 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аясында қажетті сараптамалар жүргізілуде.

31 арнаның «Информбюро» жаңалықтар қызметі көз жұмған мектептің шаруашылық жөніндегі қызметкері қосымша жұмысқа тартылған болуы мүмкін екенін хабарлады.

 Еңбек инспекциясы қайғылы жағдайға байланысты арнайы комиссия құрылғанын мәлімдеді. Белгілі болғандай, бақилық болған азамат осы ауылдың тумасы. 10 жылдан бері мектепте аула сыпырушы болып тіркелген екен. Ал білім бөліміндегілер марқұмның қазасына оның қан қысымының күрт көтерілуі себеп деп отыр. Бұл жайттың ақ-қарасын анықтау үшін полиция еңбекті қорғау қағидаларын бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған, - делінген ақпаратта.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда жасөспірімдер қыз баланы ұрып-соғып, тізерлетіп кешірім сұратқан
Кеше, 22:40

Алматыда жасөспірімдер қыз баланы ұрып-соғып, тізерлетіп кешірім сұратқан

Әйелдің айтуынша, оқиға 8 наурыз күні «Азия Парк» сауда-ойын-сауық орталығында болған.
Кәбілдер құрылысқа, логистикаға, теміржолдардың пайдасына жарайды
Оқиға Аманжол Бөлекпаев көшесіндегі үйдің ауласында болған
Куәгерлердің айтуынша, қайтыс болған адам 25-35 жаста болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →