×

Шымкентте анасын өлтіріп, өртеген жігіт жазадан құтылды

Ол параноид шизофренияның созылмалы түріне шалдыққан.

Шымкентте анасын өлтіріп, өртеген жігіт жазадан құтылды
ашық дереккөзден

Шымкентте туған анасын пышақтап, кейін өртеп жіберген 30 жастағы Дархан Жорабековке қатысты сот үкімі шықты. Сот оны психикалық ауытқуға байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша, ер адам параноид шизофренияның созылмалы түріне шалдыққан. Судья Әлинұр Қарабаевтың айтуынша, ол қылмысты жасаған кезде әрекетінің мәнін түсінбеген, өзі мен қоғам үшін қауіптілігін ұғына алмаған.

«Эпизодтық ағымдағы шизофрения паранойд түріндегі созылмалы психикалық аурумен ауырады. Өзінің қылмыстық әрекетін жасау барысында сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған және оған ие бола алмаған. Ондай адамдарға жаза тағайындалмайды. Ол мәжбүрлі түрде емделуі тиіс», – дейді Шымкент қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы.

Еске салсақ, оқиға 2025 жылдың қаңтарында Шымкент қаласында болған. Дархан Жорабеков бұл қылмысқа дейін бірнеше рет ұрлық жасап сотталған. Қазір ол мәжбүрлі емдеу мекемесінде, беті бері қараса – қылмыстық-атқару жүйесіне жіберілуі мүмкін.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →