×

Астанада жүк көлігі 6 жастағы велосипед мінген баланы қағып кетті

Оқиға салдарынан бала ауруханаға жеткізіліп, ол алған жарақаттарынан қайтыс болған

Астанада жүк көлігі 6 жастағы велосипед мінген баланы қағып кетті
Сурет: freepik.com

Астанада әл-Фараби көшесінде орналасқан тұрғын үйдің ауласында 6 жастағы баланы жүк көлігі қағып кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Астана қалалық ПД мәлімдеді.

“Кәмелетке толмаған баланың өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.Алдын ала мәліметтер бойынша, 38 жастағы Dongfeng маркілі көлік жүргізушісі әл-Фараби көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында қауіпсіз екеніне көз жеткізбестен маневр жасап, 6 жастағы велосипед мінген баланы қағып кеткен, — делінген хабарламада.

Оқиға салдарынан бала ауруханаға жеткізіліп, онда ол алған жарақаттарынан қайтыс болған.

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →