×

Алматы облысында ТЖД қызметкерлері екі баланы дәретханадан шығарып алды

Әкесі екі баласын өз бетінше шығара алмаған

Алматы облысында ТЖД қызметкерлері екі баланы дәретханадан шығарып алды
ТЖМ

Алматы облысында дәретханадан екі бала құтқарылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

28 шілде күні сағат 18.45-де Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Талғар ауданының Амангелді ауылындағы Әл-Фараби көшесінде бала дәретханаға құлап кеткені туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД қызметкерлері дереу аттанды. Өрт сөндіру бөлімінен қашықтық 8 км болды. Оқиға орнына келгеннен кейін анықталғандай, 2020 жылы туған бала қазылған шұңқырға (дәретханаға) құлап, әкесі оны құтқару үшін арқанның көмегімен 2013 жылы туған қызын шұңқырға түсірген. Бірақ екі баланы өз бетінше көтеріп шығарара алмағаны анықталды.

"Алматы облысы ТЖД 3 қызметкері мен техникасы күшімен сағат 18.54-те балалар шұңқырдан шығарылды", - делінген мәліметте.

Балаларға жедел медициналық жәрдем бригадасы алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →