×

Мұндай жағдай "тарихта" болған емес. Құтқару қызметі шахтадағы адамдардың мәйітін іздеудегі қиындықты айтты

29 қазан Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Мұндай жағдай "тарихта" болған емес. Құтқару қызметі шахтадағы адамдардың мәйітін іздеудегі қиындықты айтты
Ашық дереккөзден

Костенко шахтасында 33 адам қаза тапты. Әзірге жер бетіне алты адамның денесі ғана шығарылды. Бұл туралы «Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалы директорының орынбасары Геннадий Силинский айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Біз әлі 18 адамды тіпті таба алмай жатырмыз. Апат бастапқыда батыс блокта болған. Соған қарамастан, шығыс блоктағы адамдар да зардап шеккен. Соққының толқыны қатты болғаны соншалық, шахтаның бір шетінен екінші шетіне дерлік жеткен. Екеуінің арасы өте ұзақ. Себебі ол жерде жинақталған газ жарылып, көміртек тотығы таралған. Біздің адамдар өрт сөндірумен айналысты. Мұның бәрі уақытты талап етеді. Өкінішке қарай, адамдардың денелері қатты зақымданған», – дейді Геннадий Силинский.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта кен орындарында метанның жоғары концентрациясы жоқ. Бұған жол бермеу үшін тұрақты мониторинг жүргізіледі. Бірақ қауіпсіздікке 100% кепілдік жоқ. Соның ішінде тау-кен құтқарушылардың өзіне ескерту жасады. Түрлі аумақтарда іздеу жұмыстары жалғасуда.

«Батыс блокта іздеу жұмыстары аяқталды. Кеншілердің мәйітін тапсыру үстіндеміз. Шығыста белсенді іздеу жүріп жатыр. Өкінішке қарай, біз барлық адамдарды таба алмадық. Соққы толқынынан кейінгі шахтаның жағдайы көп күттірмейді. Зақымдалған жерлерді қайта қарау үшін бізге уақыт қажет. Біз алдымызға марқұмдардың денесін шығару жұмыстарын таңертеңге дейін аяқтауды мақсат етіп қойдық», – деді апаттық-құтқару қызметкері.
 

Әрбір кеншінің жер астында қай шахтада екенін көрсететін позициялау жүйелері дәл осы Костенко шахтасында жоқ екен. 

Еске салайық, бүгін түнде Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада өрт болды. Соңғы мәлімет бойынша 33 кеншінің денесі табылды. Әлі 13 адам іздестіріліп жатыр.

29 қазан Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қуандық Бишімбаевтың әкесі Салтанатқа үйленуіне қарсы болған – ресейлік блогер
Бүгін, 15:29

Қуандық Бишімбаевтың әкесі Салтанатқа үйленуіне қарсы болған – ресейлік блогер

Наталья Грэйс Астанада өтіп жатқан Бишімбаевтың сотына қатысқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →