×

Алматыдағы хостелде қаза тапты деген азаматтың бірі тірі болып шықты

Қазіргі уақытта Рамазан үйінде ата-анасының қасында

Алматыдағы хостелде қаза тапты деген азаматтың бірі тірі болып шықты
коллаж Qaz365.kz

Алматыдағы жатақханадағы өрттен қаза тапқандар тізімінде тұрған Түркістан облысының тумасы тірі болып шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz Отырар басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы Сарыағаш ауданы Дербісек ауылы әкімінің орынбасары хабарлады.

Рамазан Батырәліұлы Әмірәлі 20 жаста, Шымкенттегі медреселердің бірінде оқиды. Ол ақша табу мақсатында оңтүстік астанаға қоныс аударған. Қымбат емес хостелді таңдап, сонда орналасқан.

Қайғылы оқиғадан бірнеше күн бұрын жас жігіт Сарыағаш ауданына оралған. Әке-шешесі Ташкентке медициналық тексерістен бірге өтуге шақырған. Қазіргі уақытта Рамазан үйінде ата-анасының қасында.

«Бұл сенің жаңа туған күнің. Енді жылына екі рет туған күніңді тойлайтын болдық. Қазір бір ауыл ғана емес, бүкіл республика шулап жатыр. Мұғалімдері сабаққа келмеді деп қоңырау шалғанын айтады. Расымен де, көрер жарығыңыз бар екен. Ол қонақүйге қалғанында не боларын кім білсін», – дейді Дербісек ауылы әкімінің орынбасары.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →