×

Шымкентте оқушы дене шынықтыру сабағында көз жұмды

Қазіргі таңда құзырлы органдар тергеуді бастады

Шымкентте оқушы дене шынықтыру сабағында көз жұмды
Фото: freepik

Шымкентте оқушы дене шынықтыру сабағында қайтыс болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқиға 11 қаңтар сағат 11:00-де болған.

«№48 жалпы орта мектебінде дене шынықтыру сабағы кезінде 2010 жылы туған 8 «А» сынып оқушысы есінен танып құлаған. Мектеп медбикесі спорт залға жылдам жетіп, алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған», – делінген қалалық білім басқармасының хабарламасында.

Шақыруға келген жедел жәрдем қызметкерлері екінші арнайы шұғыл жәрдем шақырған. Алайда ол келгенше баланың жүрегі тоқтап, қайтыс болған. Қазіргі таңда құзырлы органдар тергеуді бастады.

Оқушының әкесі жеке жүргізуші, анасы колледжде мұғалім. Отбасында 1 қыз, 2 ұл бар. Марқұм оқушы үйдің ортаншы баласы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
02.07.2025ж. 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →