×

Qarmet басшылығы Костенко шахтасында өндірісті қайта бастауға тыйым салды

Шахтадағы апатқа байланысты 19 адам жауапқа тартылады

Qarmet басшылығы Костенко шахтасында өндірісті қайта бастауға тыйым салды
Фото: QARMET

«Qarmet» басшылығы Андрей Лаврентьев пен Вадим Басин жағдай дұрысталмайынша, Костенко атындағы көмір шахтасында өндірісті бастауға тыйым салды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, шахтаның қазіргі жағдайымен танысу үшін «Qarmet» басшылары апат болған аймаққа жақын 600 метрден астам тереңдікке дейін түсіп, сол маңайдың жай-күйімен танысқан.

Шахта директоры Андрей Бойко нысанда жүргізілген тексерулердің қорытындыларымен таныстырған. Сонымен бірге қорытындыға сәйкес жағдайдың себептері мен салдарын жою, көмір өндіруді қайта жандандыру шараларына қатысты жұмыс жоспарын ұсынған. Бірақ компания басшылығы апатты жағдай қайталанбауы үшін шахтада көмір өндірісін қайта бастауды кейінге қалдырған.

«Басшылық тарапынан трагедияның қайталану ықтималдығы әбден жойылғанға дейін шахтада өндірісті қайта бастауға тыйым салынды. Сонымен бірге компания көмір департаментінің инженерлері үшін тиісті жұмысты орындауға барлық қажетті жағдай жасайды», – делінген хабарламада.

Жақында өткен брифингте Сырым Шәріпханов «Костенко» шахтасындағы апатқа байланысты 19 адам жауапқа тартылатынын айтты.

«Жауапқа инженерлік-техникалық қызметкерлер тартылады. Олардың бұл мәселеге тікелей қатысы бар. Біз 19 адамды кінәлі деп таптық. Олардың барлығы жауапты қызметтегі адамдар. Бұл адамдарға қатысты материалдар құзырлы органдарға берілді. Сол материалдар негізінде олар тергеу жүргізіп, сотқа жолдайды. Ал жауапты адамдарға тоқталар болсақ, АМТ-ның атқарушы директоры Яблонский, HR директоры Винокурова, Көмір департаментінің техникалық директоры Александр Белый мырза мен Көмір департаментінің атқарушы директоры Огай және тағы басқалары бар», – деді министр.

Еске салайық, 28 қазанда «ArcelorMittal» компаниясына қарасты «Костенко» шахтасында жарылыс болды. Апат кезінде шахтада 252 адам болған, жер бетіне 205 кенші шығарылды, 46 кенші қаза тапты.

Костенко атындағы шахтадағы ТЖ фактісі бойынша Бас прокуратура қылмыстық тергеуді бастады. Компанияның мәліметінше, лавада метан газы жарылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев ерлік көрсеткен кеншіні марапаттады
Бүгін, 09:39

Тоқаев ерлік көрсеткен кеншіні марапаттады

Ол 4 конвейерлік штрегінде пайда болған түтінді  жойған еді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →