×

«Әйелін қызғанып барған»: Өскеменде танымал спортшыны атып кетті

Спортшы оқиға орнында қайтыс болған

«Әйелін қызғанып барған»: Өскеменде танымал спортшыны атып кетті
Фото: Қатон-Қарағай ауданының әкімдігі

Өскемендегі тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінде боксшы Эльер Юнусметовті атып кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz

Қанды қылмыс тұрғын үйдегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Қаскөй 34 жастағы Эльер Юнусметовтің басынан екі рет атқан, спортшы сол жерде қайтыс болған.

Былғары қолғап шеберіне оқ атқан адам оқиға орнынан қашып кеткенімен, көп ұзамай ұсталды. 27 жастағы ер адам мұндай әрекетке әйелін қызғанып барғанын айтты.

ШҚО полициясы өзге ақпарат жария етуге келмейді деп отыр.

Марқұм Юнусметов бокстан, кикбокстан, тай боксы мен жауынгерлік самбодан және қоян-қолтық жекпе-жектен халықаралық турнирлердің жеңімпазы болған.

Өмірінің соңғы жылдарында ол бразилиялық джиу-джитсу және грэпплинтен жарыстарға шығып жүрген.

Әскери борышын өтеп, колледжде білім алған спортшыны туған жерінде жерлеу рәсімі өтті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Борт командирі жолаушылардың қауіпсіздігі үшін ұшақпен кері қайту дұрыс деп шешкен
Қоғамдық тәртіпті бұзғаны және айналасындағыларға құрметсіздік көрсеткені үшін
Жыл сайын облысқа 1 млн жуық туристер мен демалушылар келеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →