×

«Камерада жалғыз емес»: Ішкі істер министрі Бишімбаевтың ісіне қатысты тың ақпаратты бөлісті

Іс аяқталды

«Камерада жалғыз емес»: Ішкі істер министрі Бишімбаевтың ісіне қатысты тың ақпаратты бөлісті
Фото: facebook.com/Куандык Бишимбаев

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Мәжіліс кулуарында Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты тың ақпарат айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Іс аяқталды. Қазір іспен танысу жүріп жатыр. Жәбірленуші мен айыпталушы тарап бойынша танысу жүргізіліп жатыр. Тергеу толық аяқталды. Сотқа танысудан кейін жіберіледі. Біз алдымен прокуратураға, кейін олар арқылы сот алады», –  деді министр.

«Қуандық Бишімбаевқа қамауда ешқандай жеңілдік жасалмады ма?» деген тілші сұрағына Ішкі істер министрі оның басқалармен бірдей жағдайда отырғанын айтты.

«Бәріне бірдей жағдай қарастырылған. Камерада жалғыз емес, адамдар бар. Күдіктінің тәртібіне қатысты шағым түскен жоқ. Ол сот ісіне дайындалып жатыр», –  деді Ержан Сәденов.

Министр сот отырысының ашық немесе жабық форматта өтетінін сот шешетінін айтты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
02.07.2025ж. 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →