×

«Халық қырылайын деп жатыр»: Жолда қалған ақтөбеліктер көмек сұрады

Бүгін Хромтау және Әйтеке би аудандарында төтенше жағдай жарияланды

«Халық қырылайын деп жатыр»: Жолда қалған ақтөбеліктер көмек сұрады
Видеодан скриншоттар

Ақтөбе облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты Хромтау және Әйтеке би аудандарында төтенше жағдай жарияланған. Қазір түскен қардың көптігінен жол бойында тұрып қалған көлік көп. Әлеуметтік желіде облыс әкіміне видео жолдап, көмек сұрап жатқандар бар, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың назарын аударғымыз келеді. Асхат мырза, Қарабұтақ деген жерде тұрмыз. Бұл жерде 1000-дай көлік жиналды. Тұрғанымызға 2 тәулік болды. Халықта не тамақ, не жағармай жоқ. «Қазавтожол» деген мемлекеттік мекемені білесіздер. Аты бар да, заты жоқ. Басында отырған жемқорлар солар орындарынан тұрып, мына жолды тазалай ма екен? Халық қырылайын деп жатыр. Ел қиналып жатқанда QazaqOil» деген жанар-жағармай бекеті тамағын қымбатып жіберді», - дейді видео авторы.

Ол сонымен қатар жол бойында орналасқан кафенің де бағаны қымбаттатып жібергенін айтқан.

«Асхат мырза, облыс әкімі ретінде назар аударыңыз. Қарабұтақтан Хромтауға қарай жол ашсаңыз мәселе шешілер еді. Ақтөбе ар жағында 200 шақырым ғана», - дейді автор. 

Айта кетейік, бүгін Хромтау және Әйтеке би аудандарында төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылданды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақтөбе облысында тағы бір сарбаз өзіне қол салды
Бүгін, 09:20

Ақтөбе облысында тағы бір сарбаз өзіне қол салды

Әскери қызметші өзіне қару жұмсады
Өрт 22 қараша күні таңертең Ақсай қаласының №19, 10 шағын аудандарында болған
Апат жылу жүйесіндегі айналымның бұзылуына байланысты болған
Апат жерасты жылу желісінде орын алған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →