×

Абайда биіктігі 80 см-ге дейін қар жауып, төтенше жағдай жарияланды

Жолдармен жүріп-тұруға шектеу қойылды

Абайда биіктігі 80 см-ге дейін қар жауып, төтенше жағдай жарияланды
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Абай облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Өңір аумағында өткен күндері биіктігі 80 см-ге дейін қалың қар жауған, деп хабарлайды Qaz365.kz

Осыған байланысты республикалық маңызы бар жолдармен жүріп-тұруға шектеу қойылды. 

Абай облысының жолшылары мен ТЖД көмегімен «Қалбатау-Майқапшағай» автожолының 970-995 км учаскесінде 385 адам эвакуацияланды. Жылдам көмек көрсету мақсатында тек жер үсті ғана емес, сонымен қатар әуе қызметтері де тартылды.

"ҚазАвтоЖол" АҚ-ның хабарлауынша, қазіргі таңда Қалбатаудан Көкпектіге дейінгі жол ашылды. Жүріс бөлігін кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Жол қызметтері жолда қалған көліктерді жылытуға көмектесуде.

Аталмыш учаскеде 14 жол техникасы жұмылдырылған. Қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету үшін қосымша қар тазалау техникасы мен персонал тартылады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
02.07.2025ж. 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →