×

«Баламнан айырылып жылап жүрмін»: Аягөзде суға кеткен екі адамның кімдер екені анықталды

Биыл 26 наурызда тағы көтеріле бастаған

«Баламнан айырылып жылап жүрмін»: Аягөзде суға кеткен екі адамның кімдер екені анықталды
Фото: ашық дереккөзден

Абай облысының Аягөз ауданында трактормен бірге суға кеткен екі адам әлі табылған жоқ. Куәгердің сөзінше, трактор өзен ортасында таңнан кешке дейін тұрған. Бірақ құтқарушылар келмеген, деп хабарлайды Qaz365.kz тілгісі Азаттыққа сілтеме жасап.

Суға батқан трактордың үстіндегі екі адам Шалқар Қажыгереев пен Қуанышбек Мырзағазин 26 наурызда Қарағаш ауылының іргесіндегі Борлы өзені ағызып әкеткен. 39 жастағы Шалқар Аягөздегі әскери бөлімдердің бірінде келісімшартпен жұмыс істейді. Қуанышбек 68 жастағы шопан.

Тұрсынғали Қажыгереев трактордағы ұлы мен шопанның 26 наурыз күні таңғы алты жарымнан кешкі беске дейін су ортасында тұрғанын айтады. 112 нөміріне қоңырау соғып, көмек сұраған. Бірақ ешкім келмеген. Ауыл адамдарының бірі көмекке ұмтылғанымен, атымен бьірге батып кете жаздап, өзі жағаға әрең шыққан.

«Ешкім келген жоқ. ТЖМ-де ешқандай дайындық жоқ. Ауылдың әкіміне басқа бір техника әкелуіне болады ғой. Ары жүгірдім, бері жүгірдім. Желі бір жерде ұстайды, бір жерде ұстамайды. 112-ге қоңырау шала бердім. Не ауыл әкімінен, не төтенше жағдай қызметкерлерінен көмек болмады. Он сағат бойы екеуі трактордың үстінде отырды. Он метр жер. Қандай шарасыздық!? Соған күйінем. Бес күн болды міне, жылап жүрмін баламнан айырылып. Енді міне, таба алмай жатырмыз», - деп жылайды Тұрсынғали Қажыгереев.

Қажыгереевтің айтуынша, Борлы өзені жыл сайын көктемде тасиды. Биыл 26 наурызда тағы көтеріле бастаған. Төтенше жағдайлар департаменті бұл екі азаматты іздестіріп жатқанын хабарлаған. Азаттық тілшілеріне Аягөзден жауаптылар «жиналыстамын» деп жауап беруден бас тартқан. Ал Қарағаш ауылының әкімі қолымнан келгенінің бәрін жасадым дейді.

«Тікұшаққа дейін сұрадым. Ойбайлап тұрдым анау жерде мен. Мен енді жоғары лауазымды адам емеспін ғой бәрін шеше қоятын. Аягөзден қайық жоқ екен. Семейден келді», - дейді ауыл әкімі Мадияр Байжұманов.

Қарағашта 800-дей адам тұрады. Борлы өзенінен Қарағаш ауылына дейін 13 шақырым. Ал аудан орталығы Аягөзге дейін 35 шақырым жер.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Олар қаржылық қылмысты екі жыл бұрын Тұрар Рысқұлов ауданында жүзеге асырыпты
Астана қаласының білім басқармасы оқиғаны бақылауына алған
Әу баста әжетханада қайтыс болған мектеп директоры өзі құлап қайтыс болды деген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →